Описание:
Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты – тарих сахнасынан орын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері – олардың қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде өзге елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті болуы керек.
Түркістан облысының Сайрам өңіріндегі бүгінде парасат биігіне көтеріліп, өндіріске маман даярлайтын бірден-бір білім ошағы – «Ерхали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» ЖШС. Колледж тарихының негізін айтулы тұлғалар, еңбекқор ұжым мен түлектер қалады деп ауыз толтырып айтуымызға болады.
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету мен ауыл жастарына техникалық және кәсіптік білім беру мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді-мекенінде орналасқан «Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы 19 шілдеде берілген АБ сериялы № 0038382 мерзімі шектеусіз лицензия бойынша мамандар дайындады. 2018 жылдан бастап «Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» ЖШС болып атауы өзгеріп, 2019 жылдың 3 шілдесінде техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы өзгеруіне байланысты № KZ53LAA00016416 сериясымен мерзімі шектеусіз лицензиясы қайта рәсімделіп берілді.
«Ерхали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» ЖШС № KZ53LAA00016416 сериясымен мерзімі шектеусіз лицензиясы алынған қосымшалар негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің келесі мамандықтары бойынша мамандар дайындайды:
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
08410100 Ветеринария
07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
07161700 Ауылшаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
04110100 Есеп және аудит
08110100 Агрономия
08110400 Өсімдікті қорғау және карантин
07151100 Машиналармен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)
04130100 Менеджмент(салалары бойынша)
Колледж мамандықтар бойынша негізгі және жалпы орта білім беру базасында күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Колледжде оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеттерінің бірі – контингентін сақтау және білікті мамандарды дайындау болып табылады.
БИН: 040540002655
Название организации: ТОО "Гуманитарно-агроэкономический колледж имени Ерхали Сарманова"
Короткое название организации: ГАК
Миссия:
Девиз:
Основан:
Регион: